Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жеке кәсіп иесін алдап кеткен такси жүргізушісі анықталды

Астанада жеке кәсіп иесін алдап кеткен такси жүргізушісі анықталды
Фото: pixabay.com

Астанада жеке кәсіп иесін алдап кеткен такси жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға жеке кәсіп иесі алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, арызданған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен елорданың 29 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам такси жүргізуші болып жұмыс істейтіні белгілі болды. Жәбірленуші оны курьер ретінде жалдап, бірнеше кілемдерді клиенттердің үйлеріне жеткізіп беруді тапсырған. Жуылған кілемдердің ақшасын курьер жинап, соңында жеке кәсіп иесіне әкеліп берген. Осылайша, жәбірленушінің сеніміне кірген ер адам ертеңгі күні тағы да осындай тапсырыс алған, алайда клиенттердің ақшасын өз қалтасына салып, байланысқа шықпаған. Келтірілген материалдық шығын 232 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталады.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға сақ болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді