Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2020 жылы 700 мыңға жуық салық төлеуші мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған

Бүгін брифинг барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин салық саясатын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«2020 жылы 700 мың салық төлеуші 1 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды», - деді вице-министр А. Амрин.

Өткен жылы экономиканың пандемиядан зардап шеккен салаларын қолдау үшін бірқатар маңызды шаралар қабылданды: ШОБ барлық субъектілері үшін салықтар және әлеуметтік төлемдерді төлеу шегерілді; экономиканың ең әлсіз секторларында 2020 жылдың аяғына дейін мүлік салығы мөлшерлемесі нөлденді; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 2020 жылғы 1 қазанға дейін ҚҚС мөлшерлемесі  12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді. «Экономиканың ең көп зардап шеккен жиырма тоғыз саласында 2020 жылғы 1 қазанға дейін салықтар мен еңбекақы төлеу қорынан әлеуметтік төлемдердің нөлдік мөлшерлемесі белгіленді», - деді А. Амрин.

Ағымдағы жылы пандемияның салдарын азайту және іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында жаңа жедел салықтық шаралар топтамасы қабылданды.

2022 жылдан бастап арнайы мобильдік қосымша қолданылатын арнайы салық режімін енгізу қарастырылуда. Бұл салық төлеушіні тіркеуді, қызметін тоқтатуды, салықтық міндеттемелерін орындауды жеңілдетеді. Режімді оңайтылған декларацияны қолданатын жеке кәсіпкерлер ғана пайдалана алады. Яғни, салықтық міндеттемелерді орындауды смартфон арқылы жүргізуге болады.

«Бұдан басқа, бизнес қоғамдастығының ұсынысын ескере келіп, салықтық берешектің шекті мөлшері 6 АЕК болып белгіленді. Берешек бұл шектен төмен болғанда шоттар бұғатталмайды», - деді экономикалық ведомство басшысының орынбасары.  

Сондай-ақ банктерге салық төлеуші берешегін төлегеннен кейін бірден шот ашуға рұқсат беретін норма қабылданды. Бұрын шотты үш күннен кейін, кейде, бір аптадан кейін ғана пайдалануға болатын.

Жаңа тіркелген бизнес кәсіпорындары өз өнімін сатқан кезде ҚҚС 70 пайызға дейін төмендетіледі. Салықты төмендету кәсіпорын тіркелгеннен кейін 2 жылға көзделеді.

Сонымен қатар, жаңалықтардың бірі шағын бизнес субъектілері өз пайдасын жаңа негізгі қорларға салатын болса, онда корпоративтік табыс салығынан босатылады. Спикердің айтуынша, норма өңдеу өнеркәсібінің өндірісін ынталандыру және инвестицияларды көбейту мақсатында енгізіліп отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды