Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Салықтар бойынша негізгі қарызын өтеген азаматтардың өсімпұлдары есептен шығарылады

Мемлекеттік кірістер комитеті 250 млн.теңгеден асатын сомаға жер, көлік және мүлік салығы бойынша жинақталған қарыздар бойынша өсімпұлды есептен шығаруға мүмкіндігі бар 100 қазақстандық тізімін жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Олардың салық бойынша жалпы қарызы қазіргі уақытта 263 845 620 теңгені құрап отыр. Бұл соманың ішіндегі негізгі қарыз үлесі – 166 150 674 теңге. 97 694 946 теңге – есептелген өсімпұлдар, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Антирейтинг тізімінің бірінші орнында Алматы қаласының тұрғыны. Оның төлеуі тиіс көлік салығының жалпы сомасы 11 млн.теңгеге (10 932 801 теңге) жуық. Бұл сома бойынша негізгі қарыз – 6 314 141 теңге. Ал, жинақталған өсімпұл – 4 618 660 теңгені құрап отыр.

Жер салығы бойынша ең көп борыш жинақтаған азамат - Ақтөбе қаласының тұрғыны. Ол жалпы сомасы 723 455 теңге қарызын өтеген жағдайда 73 719 теңге сомасындағы өсімпұлдан босатылуы мүмкін.

Сонымен бірге, қазақстандықтар мүлік салығы бойынша да қарыз жинап үлгерген. Салықтың бұл түрінде рейтингті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны бастап отыр. Оның жалпы қарызы - 1 165 033 теңге. Ол негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда 422 287 теңге өсімпұлды есептен шығара алады.

Борышкерлердің толық тізімін МКК сайтында немесе келесі сілтеме бойынша көруге болады.

Еске сала кетейік, салықтық рақымшылық 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

Салық бойынша негізгі қарызын өтеген азаматтардың жинақталған өсімпұлдары есептен шығарылады.
Өсімпұлды есептен шығару үшін ешқайда барудың қажеті жоқ.

Борыштың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімпұл автоматты түрде есептен шығарылады.

Мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімпұлды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылды.

Жеке тұлғалар борыштың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару жөніндегі Ереже ҚР Қаржы министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №730 бұйрығымен бекітілген.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 1 сәуірінен кейін өткен салық кезеңдері үшін негізгі қарыз сомасы мен өсімпұлды төлеген азаматтар қаражатты аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына өтініш беру арқылы қайтарып ала алады немесе болашақ төлемдер есебіне қалдыру мүмкіндігі қарастырылған.
Салықтық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы сілтемесі арқылы немесе «eSalyq mobile» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Мемлекеттік кірістер комитеті алдағы уақытта да жауапсыз салық төлеушілер тізімін жариялауды жалғастыратын болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді