ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Амрин Азамат бензин акцизінің қымбаттау себебі мен оның ықтимал салдары туралы айтты , деп хабарлайды Zakon.kz.
- Акцизді қымбаттатуға көптеген себеп бар. Олардың бірі – салық,... салық салудың негізгі қағидасы бойынша салық мемлекет ұсынатын қызметтердің деңгейі мен мөлшеріне сәйкес келуі керек. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері өсіп жатыр, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өсіп жатыр, атаулы әлеуметтік көмекті алатындар саны артуда. Олар осы мақсаттарда қолданылады, - деп түсіндірді ол үкімет дәлізіндегі сұқбатында.
Ол бүгін бензин акцизі 8 теңге, ал бензин бағасы 150 теңге екенін еске салды.
- Біз акциз ставкасын 10 500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін көтереміз, демек бір литр бензин құны 10 теңгеге өседі, яғни акциздер 8-ден 18 теңгеге дейін қымбаттайды. Осылайша, баға шамамен 6% өседі. Сонда 150 теңгелік бір литр бензин 160 теңгеге дейін өседі. Бірақ бұл жерде акциздік құн бензин бағасының жалғыз құрамдас бөлігі емес екенін баса айта кеткім келеді, - деді Амрин.
Ол бағаның тікелей 10 теңгеге бірден көтерілмейтінін атап өтті. Мысалы, 2015 жылы бағам 4,5 мың теңгеден бүгінге дейін осылайша 10,5 мың теңгеге дейін көтерілді, алайда 2015 жылы бензиннің бағасы өзгермеген.
- Біз инфляцияға әсерді есептедік, сіздер білесіздер, тұтыну бағаларының индексі тауардың 500 түрі бойынша есептеледі, оның үшеуі - АИ-93, АИ-95, АИ-98 бензиндері, үлесі - 0,6%. Осы жағынан есептесек, инфляцияға оның мультипликативті әсері ақырында 0,35% деңгейінде қымбатшылыққа әкеледі. Яғни, бұл Ұлттық банк бекіткен болжам цифрлар аралығын қамтиды: 4-6% , - деді департамент басшысы.
Ол қаулы жобасы мемлекеттік органдардың растауына жолданып қойғанын айтты. Салалық мемлекеттік органдармен келіскеннен бұл құжат үкімет отырысына жіберіледі.
Ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.
Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz» . Подписывайся!
Фото : agmpportal.kz