Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында полицейлер суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарды

Ақмола облысында полицейлер суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері суға батып бара жатқан балықшыларды құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

20 тамызда сағат 18:20-да Целиноград ауданының полиция бөліміне су айдынында екі адамның суға батып бара жатқаны туралы ақпарат түсті. Полицияның аға учаскелік инспекторы Роллан Ауғанбаев, учаскелік полиция инспекторлары Еспол Өмірсерік, Талғат Ноғайбаев және учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Бауыржан Баденов шақыртуды бірден қабылдап, оқиға орнына қарай дереу шықты.

Белгілі болғандай, балықшылар жергілікті тұрғындар емес. Олардың қай жерде екенін және қандай су айдыны туралы айтып жатқанын түсіну қиын болды. Полицейлер межелі жерге жеткенше, басқа учаскелер арқылы үрлемелі қайық табуға шешім қабылдады. Қатты жаңбырдан кейінгі батпақты ескере отырып, су қоймасына еш қиындықсыз жету үшін бірден Нива көлігін пайдаланды. Барлық жедел-құтқару жұмысына полицейлерге 15 минут қажет болды.

Оқиға орнына жеткенде Еспол Өмірсерік екі адамды құтқару үшін еш ойланбастан суға секірді. Тәртіп сақшысы суға батқандарға тез жетіп, зардап шеккендерді қауіпсіз жерге шығарып, алғашқы көмек көрсетті. Содан кейін полицейлер оларды келген жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Белгілі болғандай, бір ер адамда суда құрысу басталды, нәтижесінде ол суға бата бастады. Екіншісі оны құтқару үшін сүңгіп кетті, бірақ оны үрей басқан. Осылайша, екеуі де судан шыға алмай қалды.

Қазір олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер Қызылорда облысынан, елордаға досына келіп, балық ауламақ болған.

Осылайша тәртіп сақшылары болуы мүмкін қайғылы оқиғаның алдын алды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді