Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полицейлер мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін тексерді

Алматыда полицейлер мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін тексерді
Фото: polisia.kz

Алматыда полицейлер мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін тексерді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 19-25 тамыз аралығында балалар жарақатының алдын алуға, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының өсуін азайтуға бағытталған “Қауіпсіз жол” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде.

– Бүгінде Алматыда 215 мемлекеттік білім беру мекемесі бар. Бұл кезеңде жол желісін зерттеу жүргізілді. Жол қозғалысына қатысушылардың назарын аудару үшін 150 жол белгілері ауыстырылды және орнатылды, 1 мың 618 жол белгілеріне қызмет көрсетілді. 207 реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдері мен жеке жобаланған паннолар LED-жарықтандырумен жабдықталған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың жарақаттануын болдырмау үшін 101-ші білім беру мекемесінің ауданында темір қоршаулар орнатылды, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Баяндамашының айтуынша, биылғы жылы 16 бағдаршамның және шақыру түймесі бар, басқарылатын 25 жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталды, оның 6-ы мектеп аумағында орналасқан.

“Vision Zero” тұжырымдамасын іске асыру үшін кешенді шаралар қолданылуда. Оның негізгі мақсаты – жолдарда, оқу орындарының аумақтарында, адам көп шоғырланатын жерлерде, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймақтарында өлім-жітім деңгейін төмендету, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Мәселен, көшені орташа жөндеу аясында 20-дан астам жасанды дөңес пен 10 мыс орнатылды.

– Ата-аналар шетте қалмаса, барлық жоспарланған іс-шаралар барынша пайда әкелуі мүмкін. Баланың өмірі мен денсаулығын бағалайтын әрбір адам уақыт тауып, оқу жылы басталғанға дейін онымен бірге үйден мектепке дейін жүруі, қауіпсіз жолды таңдауы және көрсетуі қажет, жолдан, қиылыстан қалай өту керектігін айтуы керек, – деді, Асхат Құлбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді