Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: Түркістан облысында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

“Құқықтық тәртіп” ЖПІШ: Түркістан облысында 2 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері демалыс күндері екі мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтің нұсқауымен облыс көлемінде демалыс күндері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Профилактикалық есепте тұрған 1 456 тұрғын мекенжайы бойынша тексерілді. Тәртіп сақшылары 2 358 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтсақ, қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішу немесе пайдалану бойынша 115 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрген 119 жасөспірім анықталды.

Ал жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, автокөлікті мас күйде басқарған жеті құқық бұзушы дер кезінде анықталып, болуы мүмкін оқыс оқиғаға тосқауыл қойылды. Жол апатына бірден-бір себеп болатын автокөлікті қарама-қарсы бағытта басқарудың 5 дерегі анықталды.

Облыс полициясының басшылығы рейд барысында жүргізушілермен және жолаушылармен тілдесті. Оларға заң аясында түсіндірмелер жүргізді. Сонымен қатар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуші сақшылардың көліктері мен қызмет атқару барысы тексерілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты