Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда балабақша қызметкері ұрлық жасағаны үшін 3,5 жылға сотталды

Солтүстік Қазақстанда балабақша қызметкері ұрлық жасағаны үшін 3,5 жылға сотталды
Фото: pixabay.com

Айыртау аудандық сотының үкімімен мектепке дейінгі ұйымның кінәлі адамы мемлекет бюджетіне келтірілген зиянды толық көлемде өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Тексеру барысында Айыртау аудандық прокуратурасы балабақшалардың бірінің қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға іс жүзінде бармайтын балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алғандарын анықтады.

Бұл әрекеттердің барлығы соңғы 3 жылда 2021-2024 жылдар аралығында жасалған. Сонымен қатар, Айыртау аудандық прокуратурасымен аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды."Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы

Сонымен қатар, тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуі және т.б. салаларда бірқатар бұзушылықтар анықталды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер түрлі жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы қадағалау жұмыстары жалғасуда және аудандық прокуратураның ерекше бақылауында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді