Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында түнгі уақытта ойын-сауық орнында жүрген 224 жасөспірім анықталды

Түркістан облысында түнгі уақытта ойын-сауық орнында жүрген 224 жасөспірім анықталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция түнгі уақытта ойын-сауық орнында жүрген 224 жасөспірімді анықтап, 120 кәсіпкерді жауапқа тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыста 900 мыңнан астам кәмелетке толмағандар бар, ал олардың қауіпсіздігі басты орында. Бұл бағытта полиция департаментінің қызметкерлері мен басқа да құзырлы мемлекеттік органдар бірлесіп, жоспарға сай жұмыс жасап келеді. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтер мен “Түнгі қаладағы балалар”, “Жасөспірім және жауапкершілік”, “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіліп жатыр.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері құқық бұзушылыққа бейім 449 кәмелетке толмаған мен бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 290 қолайсыз отбасы ішкі істер органының есебіне алынды. Тәртіп сақшыларымен түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 224 кәмелетке толмаған, ал тұрғын үйден тыс жерде жүрген 4864 жасөспірім анықталды.

Сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз болуына жол берген 120 мекеме иесі жауапкершілікке тартылды. Ал кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыс саны 3,8%-ға төмендеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді