Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін нығайту: ҚР ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін нығайту: ҚР ТЖМ-ге жаңа 11 әуе кемесі сатып алынады
Фото: primeminister.kz

Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына түзетулер енгізілді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің басмпасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы қаңтар айында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту шараларын қабылдауды тапсырған болатын.

Президент тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына заманауи авиациялық техника сатып алуға қатысты түзетулер енгізілді. 

Қаржы лизингі тетігін пайдалану арқылы ТЖМ материалды-техникалық базасын жабдықтау үшін 11 әуе кемесін сатып алу жоспарланып отыр. 

24,8 млрд теңге мөлшеріндегі қажетті сома республикалық бюджеттен 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен бөлінетін болады. Мәселені Республикалық бюджет комиссиясы тұжырымдамалық түрде қолдады.

ТЖМ материалдық-техникалық базасын нығайту авиациялық техникамен қамту аймақтарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Әуе кемелері жету қиын жерлерде орын алған төтенше жағдайлар аймақтарынан эвакуациялау және құтқару бөлімшелерінің жедел әрекет етуін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ су тасқыны және өрт қаупі басым кезеңдерде мониторингтің тиімділігін арттыру мақсатында қолданылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді