Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болды

Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болды
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Патрульдік полиция қызметкерлері кинолог мамандарымен бірлесіп, “Қарасора – 2024” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Алматы – Екатеринбург тасжолының 340-шақырымында Lexus ЕС 350 автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жолаушысы көлікке жанармай төгіп өртеп жібермек болған. Алайда полиция қызметкерлерімен өрт дер кезінде сөндірілді.

Аталған көлікті Лэтти атты қызметтік-іздестіру итімен тексеру кезінде артқы жүк салғышынан 4 полиэтилендік қапшыққа оралған өткір иісті, есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысының және Астана қаласының тұрғындары ұсталды.

Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді