Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Уақытты қайтару туралы өтініш: алдын ала шешім жарияланды

Уақытты қайтару туралы өтініш: алдын ала шешім жарияланды
Фото: pixabay.com

Жұмыс тобының төрағасы, Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев 2 тамызда Қазақстанда ескі уақыт белдеуіне оралу туралы петицияны қоғамдық талқылау барысында алдын ала шешім шығарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, өтінішті қарау кезінде сағат белдеуінің өзгеруі электр энергиясын тұтыну мен халықтың денсаулығына әсер етті деген уәждер расталмады.

"Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерге сүйенетінін айтып, статистика 12 облыс пен республикалық маңызы бар үш қалада сағат тілі ауысуы халықтың әл-ауқатына әсер еткенін растаған жоқ", — деді Қайрат Балықбаев.

Оның айтуынша, уақыт белдеуін ауыстыру кезінде халықаралық зерттеулерге талдау жасалған.

"Біз қараған барлық кезеңде арызданушылардың уәждері расталмады, сондықтан мен министрліктің алдын ала шешімін айтып отырмын, бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы", — деп түйіндеді вице-министр.

Қазақстан тұрғындары 2024 жылдың 1 наурызынан бастап UTC+5 біртұтас уақыт белдеуінде тұра бастады.

Сәуірдің 22-сі күні уақытты өзгертуді алып тастауды талап етіп петиция берілді.

7 маусымда ол қарау үшін қажетті дауыс санын алды – 50 мың. Кейінірек, 21 маусымда уақыт белдеуіне қатысты петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді