Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесі бойынша жұмыс тобының мүшелерімен және өңір басшыларымен кеңес өткізді

Серік Жұманғарин Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізу мәселесі бойынша жұмыс тобының мүшелерімен және өңір басшыларымен кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

2024 жылдың 1 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу (UTC +5) қолданылады. Медицина, физиология, география, метрология салаларының мамандары былтыр жыл бойы Қазақстан аумағында қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеп, осындай шешімге келген, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жұмыс тобының мүшелері UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуі Қазақстанның көптеген өңірінің барынша табиғи уақытқа жақын уақытты пайдаланатын ең дұрыс және оңтайлы нұсқа деген келісімге келді. 

Десе де еліміздің жекелеген өңірлерінде, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында бұл шешім көптеген сұрақ мен түсінбеушілік тудырды. 23-24 қаңтарда жұмыс тобының мүшелері кезекті рет ШҚО-ға барып, Меновное ауылының, сондай-ақ Алтай, Глубокое және Шемонаиха аудандарының тұрғындарымен кездесті. Үкіметте өткен кеңесте Серік Жұманғаринге ШҚО-дағы сапар қорытындысы және алдағы уақытта жаңа уақыт белдеуіне көшетін басқа өңірлердегі ахуал жөнінде баяндалды.   

ШҚО әкімі аппаратының басшысы Ербол Нұрғалиев өңір тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер жөнінде баяндады. Жаңа уақытқа көшкенде аймақта таңның ерте атуы сағат 03.15-те, ал ерте батуы –  сағат 15.20-да болмақ. Бұл мәселе бойынша Ф.Г.Фесенков атындағы «Астрофизикалық институты» ЖШС жұлдыздар мен тұмандықтар физикасы зертханасының меңгерушісі Любовь Шестакова түсініктеме жасады.

«Елді мекендердегі жергілікті уақыт сол аймақтағы күннің максималды биіктігімен, яғни түс мезгіліндегі сағат 12.00-ге сәйкестігімен анықталады. UTC+5 орталық меридиан – осы меридиандағы UTC+5 түскі уақыт (шығыс бойлық 75°) сағат 12.00-ге сәйкес келуі керек дегенді білдіреді. Уақыт белдеуінің ені осы уақытқа +/- жарты сағат болуы мүмкін. ШҚО екі сағаттық белдеу шекарасында орналасқан. Өскеменде UTC +5 бойынша түс мезгілі сағат 11.30-да болады, сондықтан қала осы уақыт белдеуіне сәйкес келеді. Ал күннің ерте батуы мен таңның атуына қатысты мәселе – бұл енді географиялық ендікке байланысты. Күннің ұзақтығы оңтүстікте я болмаса солтүстікте тұрғанымызға байланысты. Оңтүстікте жаздағы және қыстағы күн ұзақтығының айырмашылығы шамалы. Ал солтүстікте едәуір көп. Тіпті ақ түндер болады. Мысалы, мұндай кездерді ШҚО-да 22 маусымда байқауға болады», — деді сарапшы. 

Бірақ бұл жағдайлар уақыт белдеуіне байланысты емес.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Денсаулық сақтау министрлігіне Сауда және интеграция министрлігімен бірлесіп, қысқа мерзімде ШҚО және басқа өңірлер үшін Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуін енгізудің барлық нюансы туралы ақпарат қамтылған әдістемелік құрал әзірлеуді, сондай-ақ қажет болған жағдайда, ең өзекті мәселелерді түсіндіру үшін өңірге мамандар мен мемлекеттік органдар басшыларының тобын жіберуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты