Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері өзге облыс тұрғындарынан синтетикалық есірткі тәркіледі

СҚО полицейлері өзге облыс тұрғындарынан синтетикалық есірткі тәркіледі
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері өзге облыс тұрғындарынан синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда есірткі бизнесімен айналысатындар буып-түюшілер мен жасырушыларды жұмысқа аларда “қауіпсіздікті” уәде етіп, полицияның қолына түспеудің жолдарына үйретеді. Бірақ есірткі таратуды бастап, жеңіл ақша табуға кіріскендерді анықтау және ұстау полиция үшін үлкен қиындық тудырмайды. Әдетте, олардың оңай жолмен ақша табуы 3 айдан аспайды.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, Ақмола облысының 20 және 17 жастағы екі тұрғыны синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенде дәл осындай мерзімде ғана жұмыс істеп үлгерген. Полицейлердің ақпараты бойынша, жігіттер Петропавл қаласына аса ірі көлемдегі есірткі партиясын буып-түю үшін келіп отырған. Осылай кезекті рет келгенде жедел уәкілдер оларды Рижская көшесінде қолға түсірді. Жеке-жеке тексеру және жалға алған пәтерлерін тінту кезінде 664 грамнан астам мефедрон мен түйіншектерге, пакеттерге, тіпті ыдысқа салынған 358 грамнан астам α-PvP есірткісі тәркіленіп алынды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 10 келіден асты.

– Кәмелетке толмаған күдікті үйқамаққа алынды, ал үлкені күзетпен қамауға алынды. Екеуі де 15 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді