Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында ортақ пайдалану орындарын ластаудың 22 мыңнан астам дерегі тіркелді

Түркістан облысында ортақ пайдалану орындарын ластаудың 22 мыңнан астам дерегі тіркелді
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полициясы ортақ пайдалану орындарын ластаудың 22 мыңнан астам дерегін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес республика көлемінде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өткізіліп жатыр.

Осы ретте Түркістан облысы полиция департаментінің құрылымдарымен абаттандыру қағидалары мен ортақ пайдалану орындарын ластаудың жыл басынан 22 439 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластау бойынша 13 647, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіргені үшін 5 690, жолдарды, темiржол өткелдерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру бойынша 3 102 факті тіркелді.

Ал биыл шілде айында 2672 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, шара қолданылды.

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы жылдың соңына дейін жалғасын табады және бұл жұмыстар күнделікті облыс әкімі мен полиция департаменті бастығының назарында.

Полиция тұрғындарға экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жауапкершілікті арттыру керектігін ескертеді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді