Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“Таза Қазақстан” акциясы: Астана полицейлері 14 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

“Таза Қазақстан” акциясы: Астана полицейлері 14 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады
Фото: polisia.kz

Астана полицейлері “Таза Қазақстан” акциясы барысында 14 мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Таза Қазақстан” акциясы басталғалы Астана полицейлері 14 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 5476, қоғамдық орындарды ластау – 2454, қалқасыз сусымалы жүктерді тасымалдау – 316, қоқыс тастау – 1923, көшедегі жол төсеміне қоқыс тастауға қатысты 417 дерек анықталған.

1503 көліктің жұмысына шектеу қойылып, оның ішінде 889 жүргізушінің мемлекеттік нөмірлері тәркіленсе, 614 көлік коммуналдық тұрақтарға орналастырылды.

1054 құрылыс алаңында көліктердің доңғалағын жуу бекеттерінің бар-жоғы тексерілді.

Іс-шараның мақсаты – қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілікті” қалыптастыру.

Рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына бейім орындарда күнделікті рейдтер жүргізілуде, белгісіз орындарға қоқыс түсіретін және ағынды суларды ағызатын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Науқан басталғалы 70-тен астам жүк және канализациялық көлік жүргізушісіне тиісті жауапкершілік қарастырылған.

Мәселен, жүк көлігінің жүргізушісі Қорғалжын тасжолының бойында рұқсатсыз қоқыс төгуге жол берген. Оған қатысты 30 АЕК көлемінде айыппұл салу арқылы әкімшілік шара қолданылды.

Астана қалалық полиция департаменті барша қала тұрғындары мен қонақтарын қоршаған ортаға немқұрайлы қарамауға, елорданы көркейтуге өз үлестерін қосып, акцияға қатысуға шақырады.

Белгісіз орындарға қоқыс тастау, құрылыс немесе басқа да қалдықтарды сақтауды көрген болсаңыз, дереу “102” арнасына хабарлауға кеңес береміз!

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады