Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген қостанайлық ұсталды

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген қостанайлық ұсталды
Фото: polisia.kz

Жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген Лисаков тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

15 шілде кешкі уақытта Астана қаласы бойынша ҰҚКД сенім телефонына дабыл қоңырауы түсті. Белгісіз адам Лисаков қаласының балалар мектеп-интернатында жарылғыш зат қоюға ниетті екенін хабарлады.

Шұғыл түрде мектеп ғимараты мен оған іргелес аумаққа тексеру жүргізілді. Ешқандай жарылғыш заттар табылған жоқ.

Қостанай ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлері қоңырау шалушының жеке басын тез арада анықтады. Ол бұрын сотталған 48 жастағы Лисаков тұрғыны болып шықты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қаскүнем құрықталды. Ұстау барысында ол мас күйде болып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбады.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін әкімшілік қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді