Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астаналық оқушы мектепке "мина қойдым" деп қорқытқан

Елордалық жасөспірім мектепте «мина қойылды» деп полицияға жалған ақпарат берді, деп хабарлайды Polisia.kz.


«5 желтоқсан күні әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Төле би көшесіндегі мектептердiң бiрiнде террористік акті болатыны туралы хабарлама анықталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Мектеп ғимаратын тексеру барысында жарылғыш құрылғы табылмады, іс-шара эвакуациясыз өткізілді, қауіп сейілді», - делінген полиция мәліметінде.


Астана қаласы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізіп. Нәтижесінде жалған ақпарат таратушыны анықтады. Ол сол мектептің 13 жастағы оқушысы болып шықты.


«Жасөспірім сабақ болмағанын қалап, осылай әзілдегенін түсіндірді. Ювеналды полиция инспекторларының және баланың ата-анасының қатысуымен жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады», - делінген хабарламада.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты