Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде мас азамат отбасылық жатақханаға “бомба қойған”

Ақтөбеде мас азамат отбасылық жатақханаға “бомба қойған”
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде мас азамат полицияға отбасылық жатақханаға жарылғыш зат қойылған деп жалған хабарлама берген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

11 сәуірде түнгі уақытта полицияның “102” арнасына ер адам қоңырау шалып, Ақтөбе қаласындағы көпқабатты шағын отбасылық жатақханаға жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері, оның ішінде арнайы бөлініс саперлері ғимаратты тексеру барысында қандай да бір жарылғыш қауіпі бар заттарды анықтаған жоқ.

Полицейлер жалған хабарлама берген 34 жастағы азаматты жедел анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ұсталған азаматтың алкогольдік мас күйде болғаны және осы жатақхананың тұрғыны екені анықталды. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін, мұндай жалған хабарлама иелері 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салудан бастап, 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыруға жазаланатынын тағы да еске салады.

Жыл басынан бері облыста терроризм актісі туралы жалған хабарлаудың 7 дерегі тіркелді, оның ішінде жалған хабарлама жасағандардың екеуі кәмелетке толмағандар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты