Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында балаларына бақылау жасамаған 180 ата-ана жауапқа тартылды

Жамбыл облысында балаларына бақылау жасамаған 180 ата-ана жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында балаларына бақылау жасамаған 180 ата-ана жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia kz сайтына сілтеме жасап.

Полицейлер жасөспірімдер қылмысының алдын алуға бағытталған рейдтерді “Түнгі қаладағы балалар” профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізді.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі өнімдерін сату, сондай-ақ олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде болу деректерін анықтауға ерекше назар аударды.

Мәселен 15 шілдеде асырауында жас баласы бар, бірақ оны тәрбиелеумен айналыспаған 32 жастағы әйел анықталды, оған қатысты әкімшілік хаттама мен іс материалдары процессуалдық шешім шығару үшін ювеналдық сотқа жіберілді.

16 шілде күні сағат 00:15-те қала көшелерінің бірінде құқық қорғау органдарының назарын түнгі мезгілде жүрген жасөспірім 2 қыз аударды. Кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін 28 және 33 жастағы аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс-шараның бірінші күні кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамаған 30 заңды өкіл, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруіне жол берген 150 ата-ана мен оларды алмастыратын адамдар жауапқа тартылды.

Бұдан басқа 9 кәмелетке толмаған жасөспірім және 9 тұрмысы нашар отбасы анықталып, алдын алу есебіне тіркелді. Тұрғылықты жері бойынша 65 отбасы және полицияда есепте тұрған 74 кәмелетке толмаған тексерілді.

Мұндай рейдтік іс-шараларды полиция қызметкерлері тұрақты түрде жүргізеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді