Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада мопед жүргізушілерінің кінәсінен жол-көлік оқиғалары туындады

Елордада мопед жүргізушілерінің кінәсінен жол-көлік оқиғалары туындады
Фото: polisia.kz

Елордада мопед жүргізушілердің кінәсінен туындаған жол-көлік оқиғалары тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалада бір күнде мопедтердің кінәсінен үш жол-көлік оқиғасы орын алып, екі дөңгелекті жүргізушілер, оның ішінде 17 жастағы жасөспірім түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Мәселен сағат 17:11-де Toyota көлігінің жүргізушісі Сарыарқа даңғылымен Жангелдин көшесінің қиылысында келе жатып, рұқсат етілген бағдаршамға бұрылып, қарсы жолақпен келе жатқан кәмелетке толмаған мопед жүргізушісін қағып кеткен. Дәл осындай апат Қошқарбаев даңғылы мен Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында сағат 21.40-та болды. Volkswagen Transporter автокөлігінің жүргізушісі де қарсы жолақпен келе жатқан 21 жастағы мопед жүргізушісімен соқтығысқан.

Үшінші жол-көлік оқиғасы салдарынан 18 жастағы мопед жүргізушісі зардап шекті. Kia Sportage автокөлігінің жүргізушісі Бұқар жырау көшесі мен Әлиев көшесі қиылысында келе жатып, рұқсат етілген бағдаршамға бұрылып, қарсы жолақпен келе жатқан мопед жүргізушісімен қақтығысып қалған.

Осы елордада жолдардағы жазатайым оқиғалардың деңгейін төмендетуге, жол қауіпсіздігі саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы 9-12 шілде аралығында өтіп жатыр. Операция басталғалы бері 1300-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 400-ден астам жүргізушіге айыппұл салынып, автоматты анықтау құралдары арқылы тіркелсе, жолаушыларды тасымалдау және қауіпсіздік белдігін тағу ережелерін сақтамаған 180-ге жуық жүргізуші белгілі болды.

Жедел профилактикалық іс-шара кезінде 200-ден астам көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі