Павлодар облысында ЖКО салдарынан үш адам зардап шекті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
23 қыркүйек сағат 21:15-те Черноярка ауылының маңындағы Омбы – Майқапшағай автожолында МТЗ-80 трактордың 44 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, солға бұрылу кезінде Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen жолаушысы жарақат алып ауруханаға жатқызылды.
Сол күні сағат 22:10-да Павлодар – Қызылорда автожолының 1239-шақырымында, Шідерті кентінің маңында, BMW-520 автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, Toyota Camry автокөлігінің артқы жағына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Алматыда «Алматының тарихи жады» атты бірегей жоба іске қосылды 2025 жылы Алматыда бизнесті қолдауға 70 млрд теңге бөлінді– Автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды. Әрбір оқиға бойынша тексерулер жүргізіледі. Осы жылы облыс аумағында барлығы 289 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 55 адам қаза тапты, 367 ЖКО қатысушысы жарақат алды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.