Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының полицейлері алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін пайдалана бастады

Алматы облысының полицейлері алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін пайдалана бастады
Фото: polisia.kz

Алматы облысының полицейлері алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін пайдалана бастады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Стоп-алаяқ ЖПІШ аясында Алматы облысының полицейлері халық арасында интернет-алаяқтықтың ауқымды профилактикасына бағытталған кезекті акцияны өткізіп жатыр. Азаматтарға барынша ықпал ету үшін барлық әсер ету құралдары қолданылады.

Тәртіп сақшылары ақпараттық буклеттер мен кітапшаларды тарату түріндегі дәстүрлі әдістермен шектелмей, дін саласының қызметкерін де тартты.

– Интернет-алаяқтардың айла-амалдарына көбінесе аға буын өкілдері түсетіні бәріне мәлім. Сондықтан біз діни қызметкерлерді тартуды шештік. Бұл жалпы азаматтар арасында ғана емес, қарттар арасында да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кенесханұлы.

Тәртіп сақшылары имамдар мен діни қызметкерлерге қарт адамдарға ерекше назар аудара отырып, интернет-алаяқтықтың жаңа түрлері туралы азаматтарды ақпараттандыруға көмек көрсетуін сұрады.

– Алаяқтықты анықтау – көп еңбекті қажет ететін жұмыс, өйткені қылмыскерлер күн сайын алдаудың барлық жаңа тәсілдерін ойлап тауып, жасаған заңсыз әрекеттерінің іздерін жасыруда. Осыған байланысты алаяқтықпен күресудің ең тиімді жолы оны алдын алу және халықты ескерту, – деп толықтырды Н. Кенесханұлы.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді