«Алматы Жазы»: 798 аялдама жуылып, тазартылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Алматы Жазы» акциясы аясында қаланың жол инфрақұрылымы нысандарын ретке келтіру жұмыстары жалғасуда! 5000-нан астам арнайы техника жол бойын, тротуарлар мен аула аумағын сыпыруға жұмылдырылған. 41 мың шаршы метрден астам жол және тротуар тазартылды! Көшелер мен аулаларды тазалаумен қатар орындықтар мен қоқыс жәшіктерін жөнделіп, сырланып жатыр. Мердігерлер 7 049 орындық пен 11 351 көшедегі қоқыс жәшігін жуып үлгерді.26 маусымнан 6 шілдеге дейін 798 аялдама, 122 бағдаршам және 3 181 жол белгілерінің тірегі тазаланып, жуылады.4-07-2024, 16:59
«Алматы Жазы»: 798 аялдама жуылып, тазартылып жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз