Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында үйден кеткен 12 жасар қыз бала трассадан табылды

Ақмола облысында үйден кеткен 12 жасар қыз бала трассадан табылды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында 12 жастағы қыз бала трассадан табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 шілдеде Шортанды ауданында тұратын 12 жастағы қыз баланы Астана – Петропавл республикалық трассасында Көкшетау қаласына қарай өз көлігімен келе жатқан Дидар Қызыров байқап қалады.

Жалғыз келе жатқан қыз жүргізушінің назарын аударды және Дидар жағдайды білу үшін тоқтады. Әңгіме барысында қыз Шортанды ауданы Мықтыкөл ауылында тұратынын және ата-анасын хабардар етпей, өз еркімен үйден кеткенін айтты. Жүргізуші асығыс болғандықтан және Шортанды ауданына қайтар жол көп уақытты қажет ететіндіктен, қызды Ақкөл қаласындағы ең жақын полиция бөліміне әкелу туралы шешім қабылдады.

Бөлімге келгеннен кейін кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспектор Мұрат Бекішев жасөспірімнен барлығын мұқият сұрап, мұндай әрекетінің себебін білді. Қыздың ата-анасы қызының үйден кеткенін білмегендері белгілі болды. Өйткені бұл кезде олар Көкшетау қаласына бет алған болатын. Үйде қалуға мәжбүр болғанына ренжіген жасөспірім облыс орталығына жаяу баруға шешім қабылдайды.

Полицейлермен әңгіме барысында қыз ата-анасының телефон нөмірін атай алмағандықтан Мұрат Мықтыкөл ауылының учаскелік инспекторымен байланысқа шығып, әкесімен хабарласа алды. Қобалжыған әкесі Көкшетауда екенін, ал қызын жақын туысына тапсыруын өтінді.

Оқиға сәтті аяқталғанына қарамастан, қыздың ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері азаматтық ұстанымын көрсеткен Дидар Қазыровқа алғыстарын білдірді. Оның белсенділігінің арқасында қызға ештеңе болған жоқ және ол туыстарына аман-есен жеткізілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді