Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда 3 жасар қыз жоғалды

Петропавлда 3 жасар қыз жоғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл тұрғыны 3 жасар қызының жоғалғанын білгенде, есеңгіреп не істерін білмей қалады. Бала әжесімен қалған, бірақ ол не болғанын түсіндіре алмайды.

Кішкентай қыз бір сағаттан артық Петропавлдағы полиция бөлінісінде отырды. Уәлиханов көшесіндегі полицияның стационарлық бекетіне сағат 12-лер шамасында бағытқа шығатын автобустың жүргізушісі сәбиді автобус салонының соңында отырған жерінен көріп, алып келген. Табылған қыз жайлы ақпаратты учаскелік полиция инспекторы Петропавл қалалық ПБ Жедел басқару орталығына берген.

– Мен қолыма алғаннан кейін бірден жылауын қойды. Біз оған тәттілер алып бердік. Анасының есімінен басқа ештеңе айта алмады, – деді учаскелік инспектор.

Бұл кезге “102” арнасына ешкім жүгінбегендіктен, бала полиция модулінде отырды, сол жерге ювеналдық полиция инспекторы Виолетта Моисеева да барды. ЖБО қызметкерлері Жедел қалалық полиция басқармасының барлық полиция бөліністері мен жеке құрамына хабар берді. Ал осы уақытта облыс орталығының тұрғыны қызының жоғалғанын анықтап, өзі іздеуге кіріскен. Береке ауданында орналасқан үйдің жауапты қызметкері камераларды қарай бастағанда, іздеп әбігерге түскен қыздың анасы сол аудандағы жақын маңдағы полиция бөлінісіне жүгіріп кеткен. Стационарлық бекетте оған бала қаланың екінші шетіндегі модульде әріптестерімен бірге екендігі бірден хабарланды. Фотосуреттен анасы қызын бірден таныды.

– Бұл бір жаман түс сияқты болды. Осы жағдай менімен болмаған сияқты күйде болдым. Есім шығып кетті. Не істерімді білмей, көше бойы жүгіре бердім. Мүмкін далада тоңып қалған шығар деген не бір жаман ойлар келді. Полиция қызметкері қызымның оның әріптестерімен бірге, бәрі жақсы дегенін естігенде, одан бетер жыладым. Жедел әрі ұйымшылдықпен әрекет жасалды. Осындай адамдардың бізге қорған болғанына қуанамын, – деді қыздың анасы. Сәбиімді алып кетуге келгенде, ол полицейлерді бұрыннан білетіндей емін-еркін күйде отырды деді ол.

Әжесімен бірге келе жатқан қыз бала автобуста ұйықтап қалғаны белгілі болды. Ал зейнеткер өзін жайсыз сезінгендіктен, автобустан қалай шығып, үйіне қалай жеткені есінде жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді