Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Су қоймалары мен суару арналарының құрылысы: Үкімет су саласындағы 16 негізгі жобаны анықтады

Су қоймалары мен суару арналарының құрылысы: Үкімет су саласындағы 16 негізгі жобаны анықтады
Фото: pixabay.com

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров еліміздің су шаруашылығы жүйесін белсенді қалпына келтірудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көктемде орын алған су тасқыны еліміздің су шаруашылығы жүйесі инфрақұрылымының дұрыс дамымағанын көрсетті. Біз 500 млрд теңгеден астам инвестицияны талап ететін 16 жобаны анықтадық», — деді вице-премьер Primeminister.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында.

Бұл инвестициялардың қаржыландыру көздері анықталған. Ислам даму банкі тарапынан жеңілдетілген қаржы тартылғалы отыр. Қаражат ұзақ мерзімге және өте төмен мөлшерлемемен беріледі, бұл аталған салада қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Су шаруашылығы жүйесін жаңарту су қоймалары мен суару арналарын салуды, сондай-ақ қызметтердің техникалық инфрақұрылымын нығайтуды қамтитын болады.

«Ең алдымен, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз Төтенше жағдайлар министрлігінің жүйесіндегі техникалар мен құралдарды толық жаңартамыз. Су шаруашылығында “Қазсушар” жүйесін қажетті техникамен жабдықтаймыз», — деп атап өтті министр.

Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров «Жасыл даму» қаражаты орман және су шаруашылығы, төтенше жағдайлар жүйесі секілді техникамен жасақтауды және оларды жаңартуды қажет ететін салаларға бөлінгенін атап өтті. Бұл – 200 млрд теңгеден астам қаражат. Жобалар бүгінде жүзеге асырылып жатыр, техниканың бірінші партиясы биыл жеткізіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді