Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облсының полицейлері ұрланған көлікті 15 минут ішінде иесіне қайтарды

Павлодар облсының полицейлері ұрланған көлікті 15 минут ішінде иесіне қайтарды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысының тұрғындары полиция қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұмысқа проблемалық-бағдарлы көзқарас мақсатында тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді үнемі бақылап отырады. Тұрғындар құқық бұзушылықтар, түйткілді мәселелер туралы хабарлайды, сонымен қатар тәртіп сақшыларына алғыстарынжеткізеді.<!--more-->Осылайша @dp_pavlodar Instagram парақшасына Павлодар қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Бергентай Әділмұрат, Фархад ЗайнутдиновБерік Саханов, Фаруз Кусембеков, Жәнібек Шакиров, Рахим Ибраевқа алғыс хат жолданды.

Автор полицейлердің сауатты әрекеті мен жедел қимылының арқасында ұрланған көліктің тез арада ұсталғанын атап өтті.

– 14 маусым күні Майра көшесі 15 үйдің ауласынан көлік ұрлап кеткен. Шақыртуға жедел ден қойған полицейлер түскі уақытта ер адамның Audi 100 көлігін ауласына қойғанын анықтады. Көліктің артқы есігі құлыпталмағандықтан, осы жағдай қылмысқа себеп болған. Қала бойынша бірден ұрланған көлікті ұстау жоспары енгізілді. 15 минуттың ішінде М. Жүсіп пен Амангелді көшелерінің қиылысында Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Рахим Ибраев, Фархат Зайнутдинов тиісті бағдары бар автокөлікті байқаған. Ұрланған көлік ұсталып, ұры Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп жазады риза болған Павлодар қаласының тұрғыны.

Қала тұрғындарының мұндай пікірлері қоғамдық тәртіпті қорғауда тәулік бойы қызмет ететін полиция қызметкерлерінің жұмысының көрсеткіші болып табылады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді