Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық ұлан әскери қызметшісі суға батып бара жатқан әйелді құтқарды

Ұлттық ұлан әскери қызметшісі суға батып бара жатқан әйелді құтқарды
Фото: polisia.kz

Ұлттық ұлан әскери қызметшісі суға батып бара жатқан әйелді құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 9 маусым күні сағат 22:45 шамасында Талдықорған қаласында болған. 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Әлішер Асылбеков қалалық жағажайда серуендеп жүргенде суға батып бара жатқан әйелді байқайды.

Куәгерлер шұғыл қызметтерге қоңырау шалып жатқанда, ұландық жауынгер оны құтқару үшін дереу суға секіреді. Әйелге қарай жылдам жүзіп барып, қолынан ұстап, жағаға сүйреп шығарады. Жағаға шығарған бойда алғашқы көмек өрсетіп, реанимациялық әрекеттер жасаған. Сондай-ақ жәбірленушінің оқиғаны өз көзімен көріп, жылап жатқан баласын тыныштандырады.

Әлішер Асылбеков ҚР Ұлттық ұланында 2022 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді. Ол өз әрекетін батырлық деп санамайды:

– Менің орнымда кім болса да, мұндай жағдайда қол қусырып қалмай, бірден көмектеседі деп ойлаймын. Су жағасынан айғай-шу естігенде не боп жатқанын түсіну үшін жүгіріп барлап шықтым. Әйел қатты ағыстың ырқынан босай алмай, шарасыз күйде жанталасып жатыр екен. Оның үстіне сол маңға жарық та түспей, қараңғылық жағдайды одан сайын қиындатты. Құдай сақтап, аман-есен жағаға шығарғанымда, әлі де есеңгіреп жатты. Дереу алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келді. Осының бәрін көріп, қорыққаннан жылап жатқан жәбірленушінің 2 жасар ұлын қолымнан келгенше жұбаттым. Ары қарай оқиға орнына полиция қызметкерлері де келіп жетті, – дейді батыл әскери қызметші.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады