Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көші-қон заңнамасын бұзған Бангладештің үш азаматы елден шығарылды

Көші-қон заңнамасын бұзған Бангладештің үш азаматы елден шығарылды
Фото: polisia.kz

Көші-қон заңнамасын бұзған Бангладештің үш азаматы елден шығарылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын тексеру кезінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Бангладештің 41, 31, 26 жастағы үш азаматын анықтап, ұстады. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, жоғарыда аталған құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтар ҚР аумағына кіруге 5 жыл мерзімге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды. Ол сондай-ақ жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 2 мыңнан аса азаматты, оның ішінде ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 1474 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартқанын, соттардың қаулысымен елден тыс жерлерге 376 шетелдік азамат шығарылғанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік азаматтар елімізде болу мерзімі аяқталғанға дейін ҚР аумағынан шығуы керек, кетуден жалтарған жағдайда ҚР шегінен тыс жерлерге шығаруға дейін әкімшілік жаза қарастырылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты