Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов «ЭКО-культура» холдингінің басшысы Александр Рудаковпен Қазақстандағы ең ірі жылыжай құрылысын талқылады

Олжас Бектенов «ЭКО-культура» холдингінің басшысы Александр Рудаковпен Қазақстандағы ең ірі жылыжай құрылысын талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің президенті Александр Рудаковпен ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Күн тәртібіндегі мәселе – аграрлық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Айта кету керек, «ЭКО-культура» — 13 жыл бойы тұрақты дамып келе жатқан, жабық топырақта экологиялық таза көкөніс өсіретін ірі агроөнеркәсіптік холдингтің бірі. Бір жыл ішінде өндірген өнім көлемі 300 мың тоннадан асады. Өз кезегінде, Қазақстандағы инвестициялық ахуал мен нақты өндірісті қолдау шаралары ел аумағында экономика үшін маңызды жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

Холдинг Түркістан облысы Келес ауданында жылыжай кешенін салып жатыр. Бүгінгі таңда 51 га жер учаскесінде жылыжай ашудың бірінші кезеңі жүзеге асырылуда, онда жылына 28 мың тоннадан астам қызанақ өсірілетін болады.

Кездесуге қатысушылар 500 га жерді қамтитын жылыжай кешенінің аумағын кеңейту жобасын талқылады. Бұл жыл бойы 240 мың тоннадан астам көкөніс өсіруге мүмкіндік береді. Өндірілетін өнім ішкі нарыққа жеткізіледі, сондай-ақ логистикалық және тарату орталықтарының келісілген арналары арқылы шетелге экспортталады.

Жобаның бірінші кезегін келесі жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар. 

Александр Рудаковтың айтуынша, бұл әлемдегі ең ірі жылыжайлардың бірі болмақ. Мұнда 7 мың жұмыс орнын ашу көзделген. «ЭКО-культура» холдингі жергілікті тұрғындар үшін бәсекеге қабілетті еңбек жағдайын тудырып, әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде өңірдің дамуына елеулі үлес қосады.

Үкімет басшысы агроөнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығына тоқталды.

«Азық-түлік қауіпсіздігі, тұрғындарды сапалы әрі арзан өнімдермен қамтамасыз ету – Үкімет жұмысының негізгі басымдығы. Өсіп келе жатқан демографиялық көрсеткіштерді ескере отырып, бүкіл әлемде азық-түлікке деген қажеттілік тұрақты түрде артып келеді. Бізде ішкі нарықты қамтамасыз етіп, өнімді экспорттауға толық мүмкіндік бар. Бүгінде біз ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруді және экспорт көлемін одан әрі арттыруды мақсат етіп отырмыз. Аталған бағытта біз инвесторларды тартуға мүдделіміз және ауқымды жобаларды іске асыруға қолдау көрсетуге дайынбыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді