Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көліктерін тұраққа дұрыс қоймаған 10 мыңға жуық жүргізуші жазаланды

Алматыда көліктерін тұраққа дұрыс қоймаған 10 мыңға жуық жүргізуші жазаланды
Фото: polisia.kz

Алматыда көліктерін тұраққа дұрыс қоймаған 10 мыңға жуық жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзу деректерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Полицейлер эвакуаторлардың көмегімен заңсыз қойылған көлікті мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізеді.

– Жыл басынан бері автотұрақ ережесін бұзған 9963 адам жауапкершілікке тартылды. “Аялдауға тыйым салынады” және “Тұраққа қоюға тыйым салынады” белгілерімен белгіленбеген орындарға көлік қоятын жүргізушілерді анықтау мақсатында жергілікті жерлерде тұрақты түрде іс-шара жүргізілуде. Сонымен қатар алдыңғы шептегі бөлімшелердің қызметкерлері автобустардың жүруін қиындатып, кептелістің пайда болуына ықпал ететін қоғамдық көлік аялдамаларында көліктерді тұраққа қою сияқты өрескел бұзушылықтарды анықтауда және жоюда. Тәжірибе көрсеткендей, рейдтер мен іс-шараларды өткізу қаладағы көліктердің өткізу қабілетіне, жүргізуші тәртібі мен жүргізу мәдениетін арттыруға оң әсерін тигізеді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Жергілікті рейдтерді өткізу кезінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хабарлаған мүдделі азаматтардың сигналдарын белсенді пайдаланады.


– Қаламыздың тағдырына бей-жай қарамайтын осындай белсенділерге алғысым шексіз. Сондай-ақ, барша азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Заңды және тәртіпті сақтауды өзімізден бастау керек, сондықтан заңға бағыну өте маңызды, бұл қаладағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлесімізді қосуды білдіреді, – деді Шумаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі