Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарттарға құрмет көрсетілді

Қарттарға құрмет көрсетілді
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Осы аптада  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы  «Өнегелі ұрпақ»  апталығымен жалғасуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апталық барысында әр аудан тазалық жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Осы орайда Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында қала жастары мен белсенді азаматтар қарттар үйіне барды. Қарттар үйінің ауласында белсенділер тазалық жұмыстарын жүргізіп, талдардың түптерін әктеп, өсіп кеткен шөптерді қырқып, қоқыстарды шығарды.

—«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстарын қарттар үйінде жалғастырудамыз. Іс-шараға Еңбекші ауданы әкімдігі, жастар, студенттер атсалысуда. Дәл қазір  50-ге жуық белсенді жас ауладағы талдардың түбін әктеп, қоршауларды сырлап шықты. Мұндай тазалық іс-шарасын көрген қарияларымыз да өз ризашылықтарын білдіріп, жастармен әңгімелесіп бір жасап қалды, - деді Еңбекші ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Қуаныш Серікбай.


«Қазыналы қария – ақылы теңіз дария» атауымен ұйымдастырылған іс-шарада тазалау жұмыстарын жүргізу және демеушілердің есебінен қайырымдылық көмектер көрсету жұмыстары да ұйымдастырылып, қалалық мәдениет бөлімінің әншілері ән шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында мүмкіндігінше қаладағы көмекке мұқтаж қарттардың барлығын қамту қарастырылған. Апталық барысында қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып, тазалық жұмыстарын жүргізу әрі қарай да жалғаспақ.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты