"Қазавтожол" ҰК " АҚ 2024 жылғы 16 сәуірде Республикалық маңызы бар автожолдардағы су тасқыны жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6850 метр болатын су тасқыны орын алды.
- Ақмола
- СҚО
- Қостанай
5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды."Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
Қазіргі таңда республикалық жолдарда 534 бірлік техника мен 1134 адам жұмылдырылған.