Ауа-райының нашарлауына байланысты 22 қараша, 18:30-дан бастап "Алматы - Өскемен" республикалық маңызы бар тасжолда тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады kazlenta.kz
Мекеменің хабарлауынша, Абай облысында ауа-райының нашарлауына байланысты бүгін, 22 қараша сағат.18.30-дан бастап "Алматы - Өскемен" республикалық маңызы бар тас жолында тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін 615-967 шақырымдары аралығында қозғалыс шектеледі. Айта кетейік, бұл - Алматы облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске. Жол мамандарының мәліметінше, бұл учаскеде "СинеМидасСтрой” ЖШС жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқарып, көктайғақты болдырмау үшін аталмыш телімде 20 бірлік арнайы техника және 32 қызметкер жұмылдырылған.
Сондай-ақ Жетісу облысының полициясы ауа райының нашарлауына байланысты Алматы - Өскемен автожолының 558 шақырымынан (Үшарал қаласының маңы) 615 шақырымға дейін (Абай облысының аумағы) тіркемесі мен жартылай тіркемесі бар жүк көлігі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілгенін хабарлады.
23-11-2022, 13:10
"Алматы-Өскемен" автожолында тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз