Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақ елі "Қазақстан халқына" қоры арқылы зардап шеккендерге 630 млн теңгеден астам қайрымдылық жасады

Қазақ елі
Фото: pixabay.com

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры бей-жай қарамайтын қазақстандықтардың су басқан өңірлерде тұратын отандастарына көмектесуге деген ұмтылысын назарға ала отырып, тиісті қаражатты жинауға дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қор 4 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың табиғи апаттан зардап шеккен барлық тұрғындар мен өңірлерге барынша қолдау көрсетуге шақыруын қолдай отырып, ауылдық жерлерде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге 200 үй салуды қаржыландыратынын хабарлады.

"Елдегі болып жатқан оқиғаға ерекше назар қойған қазақстандықтар мен ұйымдар қорға су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетуге қатысу туралы сұрақтармен жүгінуде. Азаматтар мен кәсіпорындардың бастамасын есепке ала отырып, біз қажетті қаражатты жинауға дайын екендігімізді мәлімдейміз. Барлығы ашық түрде болады.", – деп хабарлады "Қазақстан халқына" қоры.

Заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары 1-30 сәуір аралығында жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен зардап шеккендерге ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға жіберіледі.

"Біз барлығын ашық түрде жүргіземіз және егжей-тегжейлі есеп береміз. 3 сәуірдегі жағдай бойынша қордың шоттарына компаниялар мен жеке тұлғалардан 630 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық жарналары түсті", – деп атап өтті.

Қайырымдылықтар ресми сайтта көрсетілген екінші деңгейдегі сегіз қазақстандық банктегі қордың шоттары арқылы ғана қабылданады. Жеке тұлғалар қаражатты банктердің мобильді қосымшаларындағы "қайырымдылық" бөліміне аудара алады.

Бұған дейін Қырғызстанның Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберетінділігі туралы хабарланған болатын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі