Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері Түркияға көмек қолын созуға дайын

Қазақстандық дәрігерлер жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Түркияға жөнелтілуі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Гиният мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

"Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің ауқымы мен көптеген адам шығыны бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, әрқайсымыздың өзегімізді өртеді.
Медицина қызметкерлері табиғи апат салдарынан қаза тапқан азаматтар үшін бауырлас түрік халқының қайғысына шын жүректен ортақ.
Құлаған ғимараттардың астында қалған адамдардың тезірек құтқарылуын, жараланғандардың сауығуын және қираған қалалардың қалпына келтірілуін тілейміз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыста және бірінші кезекте біз апаттан зардап шеккендерге медициналық және дәрілік көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік.
Қазіргі уақытта Түркияға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері бар құтқарушылар жасағы ұшып кетті.

Медициналық көмекті күшейту қажет болған жағдайда Қазақстан тарапынан Түркияның зардап шеккен аудандарына жіберу үшін дәрігерлер бригадасын құрып, дайын отырмыз", - деп жазды Ғиният Facebook парақшасында.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді