Алматы полициясы автотұрақ ережесін бұзғандарды іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Үш ірі тұрғын үй кешенімен шектесетін Сәтбаев көшесінде мақсатты рейдтер жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, осы тұрғын үй кешендерінің тұрғындарынан осы аумақта автотұрақ ережелерінің бұзылғаны туралы дабылдар күн сайын түседі.
– Бұл ең ірі шаһардың мәселесі екенін түсіну маңызды және біз оны ортақ күш-жігер арқылы, былайша айтқанда, бірлесіп шешуіміз керек. Мұны істеу қиын емес екеніне сенімдімін. Оның үстіне әрқайсымыз күн сайын жол қозғалысы ережелерін бұзу әрекеттеріне куә боламыз. Әрбір азамат бей-жай қарамауы керек. Ұсақ заң бұзушылықтарға көз жұмып қалмай, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз. Өз кезегімізде, құқық бұзушыларға дереу шара қолданылатын хабарлаймыз, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің рота командирі Әнуар Баймұханов.
Аталған аумақта жүргізілген жергілікті рейдтің бар-жоғы үш сағатында 50-ден астам көлік қою ережелерін бұзу деректері анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс материалдары жиналып, кейбір көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
– Жол-көлік оқиғаларын азайту және жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында қалада көлік құралдарын тұраққа қою ережелерін бұзу деректерін анықтауға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Патрульдік полиция қызметкерлері күн сайын өткізетін мақсатты рейдтер қаладағы жол жағдайын тұрақтандыруға, жол-көлік оқиғаларын азайтуға, жүргізушілер арасындағы тәртіпті жақсартуға септігін тигізеді, – деді Әнуар Баймұханов.