24 қарашада Өскемен қаласындағы Свобода көшесінде 5 қабатты үйдегі пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі жоғары шақыру нөмірімен оқиға орнына шықты. Келген кезде өрт сөндірушілер 1 қабаттың терезесінен қатты түтін шыққанын көрді. Қатты түтін арасында терезенің жанында тұрған адамды байқап қалды. Дереу баспалдақпен өрт сөндірушілер пәтердің терезесіне кіріп, 2 адамды құтқарды: 1967 жылы туған пәтер иесі және 1936 жылы туған оның әкесі еді.
Қалың түтін тұрғын үйдің кіреберісінің қабаттарына таралған, газ-түтіннен қорғаушылардың жедел буындары баспалдақ арқылы құтқару қалпақтарының көмегімен 6 тұрғын мен үш баланы өрт сөндірушілер көтеріп алып шықты. 4 - ші қабаттағы пәтерден, автосатының көмегімен тағы 6 бала құтқарылды.
Осы уақытта бір мезгілде өртті сөндіру жүргізілді. Өрт 6 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.Өртті сөндіруге жеке құрамның 21 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт себебі бойынша электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.