Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолада алаяқтықпен тұрғынның ақшасын иемденген күдікті құрықталды

Ақмолада алаяқтықпен тұрғынның ақшасын иемденген күдікті құрықталды
Фото: pixabay.com

Ақмола облысының Зеренді ауданында азаматқа несие рәсімдеп беремін деген сылтаумен ақшасын иемденген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аудандық полиция бөліміне Гранитный кентінің 29 жастағы тұрғынынан алаяқтық фактісі бойынша арыз келіп түседі. Алданған әйел азамат интернет желісінде екінші деңгейдегі банктердің бірінің сайтынан несие алу шарттары туралы ақпарат іздеп, сілтемені тапқан. Сілтеме бойынша өтіп, 4 млн теңге сомасында несие алуға жәрдемдесуге уәде берген белгісіз адаммен хат алмасуды бастаған.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам несие рәсімдеу үшін өзі жіберген банк картасының шотын қосымша ақшалай сомамен толықтыру қажеттігін айтқан. Соның салдарынан әйел 358 мың теңгесін алаяққа аударып жіберген. Жәбірленуші алаяқтардың айла-амалдарына тап болғанын кеш түсініп, полицияға жүгінді.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, интернет желісіндегі бейтаныс адамдарға ақша бермеуге және аудармауға, белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа да дереккөздерге дербес деректерге сенбеуге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты