Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған электрондық аукцион өтеді

Көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн аукцион 2021 жылғы 23 сәуірде өтеді, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.


Барлау және өндіру құқығын 15 учаске бойынша өткізу жоспарлап отырған электрондық аукционға қатысуға өтінімді 2021 жылдың 25 наурызын қоса алғанда дейін, электрондық аукцион операторының: www.gosreestr.kz сайтына жіберуге болады.


Сауда-саттық 23 сәуірде, сағат 10:00-де басталып, 17:00-де аяқталады. Энергетика министрлігінің сайтында, сондай-ақ ведомствоның әлеуметтік желілерінің аккаунттарында аукционның онлайн-трансляциясы ұйымдастырылады.


Жер қойнауын пайдалану құқығы берілетін учаскелердің атауларымен Энергетика министрлігінің сайтында танысуға болады.


Аукцион арқылы жер учаскесіне меншік құқығы емес, белгілі бір мерзімге жер қойнауын пайдалану құқығы берілетіндігін атап өту маңызды. Бұл құқық «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексімен реттеледі, учаскелердегі кез-келген технологиялық процестер тек Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның мақұлдауымен мүмкін болады.


Жер қойнауын пайдалану құқығын алған инвестор жергілікті атқарушы органмен жерді жалдау шартына қол қояды. Жобалық құжатты әзірлеу алдында әрбір жер қойнауын пайдаланушы жергілікті тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті.

Аукционнан түскен барлық қаражат мемлекеттік бюджетті толтырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты