Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан неміс бизнесімен байланысты жандандырады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр мен неміс компаниялары басшыларының қатысуымен кезекті онлайн-кездесу өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР ҚР СІМ-не сілтеме жасап.


Қазақстанның Германиядағы Елшілігі, ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, Германия экономикасы шығыс комитетінің қолдауымен дәстүрлі түрде ұйымдастырылған іс-шара жер қойнауын пайдалану және геология саласындағы қазақстан-герман ынтымақтастығын тереңдетуге арналды. Бұл бағыттағы белсенді жұмыс ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапары аясында 2012 жылғы 8 ақпанда қол қойылған «Қазақстан мен Германия арасындағы шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы серіктестік туралы» үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылады.


Онлайн кездесуге Германияның 100-ге жуық жетекші компаниялары, соның ішінде Volkswagen, Siemens, Linde, Schaeffler, Knauf, Lufthansa, SMS group, DMT және басқа компания өкілдері қатысты.


 Іс-шараға қатысушылар Қазақстан үкіметінің геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға, инвесторлар үшін нарықтық жағдай жасауға, саланың кәсіби және технологиялық деңгейін көтеруге бағытталған реформалары туралы хабардар етілді. Сонымен қатар Қазақстанда дағдарыстан кейінгі даму жағдайында ұлттық экономикасын әртараптандыру және қолда бар қуатты шикізат базасы негізінде жаңа өнеркәсіптік өндіріс құру мәселелеріне ерекше назар аударатындығын атап өтті.


Герман тарапынан Федералды Үкіметінің Шикізат саласындағы ынтымақтастық жөніндегі уәкілі Томас Гэкле Қазақстан мен Германия арасындағы жан-жақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен бірге ол Қазақстан Германияның Орталық Азия аймағындағы басты серіктесі болып табылатынын жеткізді.


Онлайн кездесу барысында Германия өнеркәсіп федерациясы (BDI) басшылығының өкілі Маттиас Вахтер, Hermann Paus Maschinenfabrik GmbH Басқарушы директоры Франц-Йозеф Пауз және Қазақстандағы ЕҚДБ басшысы Агрис Преиманис тау-кен металлургия саласын дамыту перспективаларына және екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетіне, бірлескен жобаларды іске асыру және оларды қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударды.


Сонымен қатар, неміс компанияларының назарына жақын арада Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасы ұсынылды.


Конференцияның соңында сұрақ-жауап талқылауы өтіп, оның барысында қатысушылар сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруға қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Кездесу барысында бірқатар практикалық мәселелер талқыланып, келешекте осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізу бойынша келісімге келді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді