Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ-де “Дәрмек” операциясының қорытындысы айтылды

ІІМ-де “Дәрмек” операциясының қорытындысы айтылды
Фото: polisia.kz

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлерімен ел аумағында “Дәрмек” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Операцияны өткізу кезінде өз қызметінде медициналық препараттарды пайдаланатын 900-ге жуық кәсіпорын мен ұйымдар тексерілді.

Есірткі және улы заттармен жұмыс жасау саласында 22 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

230 адам, оның ішінде 48 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сақтау ережелерін бұзғаны үшін 43 кг есірткі және психотроптық заттар, 9 мыңнан астам дәрі және медициналық препараттардың 15 мыңға жуық ампуласы тәркіленді.

Лицензиялау нормалары бұзылған және техникалық нығайту талаптарына сай келмейтін сақтау объектілеріндегі 3 мың тоннадан астам прекурсордың айналымы шектелді.

– Мысалы, тексеру барысында Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік объектілерінің бірінде улы заттармен жұмыс жасау ережелері бұзылғаны анықталды. Ол жерден 45 кг сынап табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар елордадағы медициналық ұйымдардың бірін тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою ережелерінің бұзылғандығы анықталып, 350 ампула морфин тәркіленді.

Мұндай құқық бұзушылықтар үшін 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі жаза қарастырылады.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады