Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО полицейлері заңсыз айналымнан улы заттарды, есірткі мен прекурсорларды тәркіледі

СҚО полицейлері заңсыз айналымнан улы заттарды, есірткі мен прекурсорларды тәркіледі
Фото: polisia.kz

СҚО полицейлері заңсыз айналымнан улы заттарды, есірткі мен прекурсорларды тәркіледі, – деп хабарлайды  kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстікқазақстан полицейлері “Дәрмек” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңін аяқтады. Оның мақсаты – есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталды. Бес күн ішінде тәртіп сақшылары облыс аумағындағы 55 өнеркәсіптік және медициналық мекемені тексерді. 13 нысанда фармацевтикалық қызмет ережелерінің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласының әртүрлі бұзушылықтар анықталды.

– Құрамында есірткі бар препараттарды сақтау мен пайдаланудың қатаң ережелері олардың “қара нарыққа” енуіне жол бермеу үшін қажет. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға қатысты 24 әкімшілік хаттама толтырылды. Барлығы 16 келі 720 грамм прекурсорлар, 1030 ампула және 120 психотроптық дәрі, 394 есірткі заттарының ампуласы тәркіленді. Сондай-ақ кәсіпорындардың бірінде жойылуы тиіс болатын сынаптың қоры табылды. Улы заттың 45 келісі тәркіленді, – деп түсіндіреді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Сонымен қатар күнделікті жедел жұмыс жалғасты. Іс-шараны өткізу кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткі тәркілеп, екі өткізу фактісінің жолын кесті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады