Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өткен аптада әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалған жоқ

Өткен аптада әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалған жоқ
Фото: primeminister.kz

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін тұрақтандыру қорларынан көкөністерді қолжетімді бағамен сауда орындарына жеткізу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қорда жиналған 162,5 мың тонна көкөністің 29,4 мың тоннасы өңірлерге жіберілді: 16,1 мың тонна картоп, 4,1 мың тонна сәбіз, 5,2 мың тонна пияз және 3,9 мың тонна қырыққабат. Ақпан айында тұрақтандыру қорынан шығарылған көкөніс көлемі айлық жоспардан асып кетті. Бұл ретте ресми статистика соңғы аптада 6 өңірде картоп пен сәбіз бағасының өскенін тіркеді. Вице-премьер бағаны тұрақтандыру үшін нарықтағы көкөніске сұраныс пен өндіріс көлемін сараптап, қажет болған жағдайда көкөністер мен оларды қолжетімді бағамен сататын сауда нүктелерін көбейту арқылы бұл жұмысты жандандыруды тапсырды. 

Жалпы 2024 жылдың басынан бері әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,4%-ды құрады (2023 жылғы 13 ақпанда – 2,4%). Өткен аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі тұрақты (0%) болды. 

ҚР СИМ Сауда комитеті электронды шот-фактуралар арқылы өндірушіден бастап сауда сөрелеріне дейінгі баға тізбегін талдауды жалғастыруда. Жыл басынан бері 432 тізбек сарапталып, 193 заң бұзушылық тәуекелі анықталды.

Сауда комитеті барлық тәуекел фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін материалдарды аумақтық бөлімшелерге жіберді.

АШМ департаментінің директоры Нұрлан Иманбаев ӘКК жұмысының жаңа форматына көшу нәтижелері туралы баяндады. 2023 жылдың басынан бастап маусымаралық кезеңде және бағаның өсуі кезінде нақты белгіленген бағамен күзгі және ерте көкөністерді (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат) жеткізу үшін форвардтық келісімшарттың жалпы сомасының 70%-ын аванспен бере отырып, фермерлерді алдын ала (бір жыл бұрын) қаржыландыруды көздейтін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді форвардтық қаржыландыру бойынша жаңа тәсілдер енгізілді. Жаңа тәсілдердің міндетті шарты – бюджет қаражатының 70%-ы фермерлер мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыруға бағытталуы тиіс.

Аталған жаңа тәсілдер бойынша жұмыс істеуге Абай, Жетісу, Ақмола, Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қостанай, СҚО, Қызылорда және Түркістан облыстары  уақытылы ауысты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландырудың ең төменгі көрсеткіштері — Алматы (46%) мен Маңғыстау облыстарында (50%). 

Вице-премьер 70%-дан кем емес шекті қатаң сақтай отырып, шаруаларды тікелей қаржыландыру жұмысын жалғастыруды және әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын ұдайы назарда ұстауды және бағалар негізсіз көтерілген жағдайда жедел әрекет етуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді