Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

16 жастағы қазақстандық әнші АҚШ-тағы халықаралық вокалистер байқауында жеңімпаз атанды

16 жастағы қазақстандық әнші АҚШ-тағы халықаралық вокалистер байқауында жеңімпаз атанды
Фото: egemen.kz

16 жастағы қазақстандық орындаушы Аделина Мұхаметжанова америкалық тыңдармандардың жүрегін жаулап алды. Жақында ол Латиф Хамидидің «Бұлбұл» шығармасымен АҚШ-та өткен халықаралық вокалдық байқауда жеңімпаз атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Әншінің PR менеджері Татьяна Синенконың айтуынша, 16 жастағы Аделина Мұхаметжанова АҚШ-тағы Миннесота штатындағы мектепке 2022 жылы қабылданғаннан кейін, бүкіл Америкадағы 9 вокальдық конкурсқа қатысып, көбінде жүлделі орындарға ие болып келеді.

Өткен демалыс күндері ақтық сынға шыққандарды анықтаған «Radda Rise International Piano and Vocal Competition» халықаралық байқауы да осы табыстардың қатарынан табылып, бұл байқауда да Аделина қазылар алқасының бірауызды шешімімен Латиф Хамидидің «Бұлбұл» композициясымен бірінші орынға ие болды. 

«Аделина — виртуозды орындаушы және мен оның техникалық жағынан өте күрделі композицияны таңдап, әрқайсымызға естен кетпестей әсер сыйлады дегеніме баршаның келісетіне сенемін. Менде бұл әннің не туралы екендігі жайлы мүлде түсінік жоқ. Бірақ, ол мені әрбір нотаны сезінуге мәжбүрледі. «Бұлбұл» тағы да және тағы да орындалуы тиіс», — деді Қазылар алқасының мүшесі, беделді Saint Thomas Choir School вокальдық оқытушысы, Manhattan School of Music Precollege вокал факультетінің мүшесі Джузеппе Сполетини.

Аделина бәсекелестерінің өте мықты болғанын жеткізді.

«Байқауға мен 3 композиция ұсындым, және қазақтың академиялық классигіне ілтипат білдіріліп, осындай жылы лебіздер естігеніме өте қуаныштымын. Оған қоса менің бәсекелестерім өте мықты болды: 3-орын американдық өнер және музыка саласындағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі The Julliard School студентіне берілгенін білемін. Әрине, осындай жеңіс бұдан да көп еңбектенуге құлшындырады», — дейді Аделина. 

Айта кетейік, Аделина Мұхаметжанова 7 жылдан астам уақыттан бері академиялық вокал бойынша білім алып келеді, оның ұстазы — Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Вокал өнері» кафедрасының доценті Гүлнар Нұрғалиева.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді