Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан атынан "Славян базары" фестиваліне кім қатысады

"Славян базары" халықаралық өнер фестиваліне Қазақстан атынан қатысатын әншілер анықталды. Үлкен музыкалық байқауда ел намысын Ерік Төленов пен Алинұр Хамзин қорғайтын болады, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Витебскідегі "Славян базары" XXXI халықаралық өнер фестивалінің "Витебск-2022" эстрада әншілерінің халықаралық байқауында П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжінің оқытушысы Ерік Төленов (сахналық есімі Kyle Ruh), ал балалар байқауы аясында Алинұр Хамзин өнер көрсетеді.  Байқау 13-18 шілде аралығында өтеді. Оған 24 елдің өкілі қатысады.

"Дәстүрлі түрде әншілеріміз жоғары орындарға ие болып, осы беделді фестивальде елімізді абыроймен таныстырып келеді. Әрине осынау толайым табыс артистер мен олардың оқытушылары атқарған ауқымды жұмыстың дәлелі. Отандық вокал мектебі биылғы жылы да жоғары деңгейді көрсететініне сенімдімін", - деді мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
 
Қазақстандық әншілер жыл сайын, нақтырақ айтқанда 20 жыл бойы фестивальдің ересектер мен балалар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болып келе жатқанын атап өту қажет. Мысалы, Димаш Құдайберген-2015 жылы, Әділхан Макин – 2019 жылы, Рухия Байдүкенова – 2021 жылы бас жүлде жеңіп алды. Сонымен қатар әр жылдары Әлішер Кәрімов пен Ернар Сәдірбаев (Amre) жүлдегер атанды.    

Биыл балалар байқауының қазылар алқасы құрамына халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақстандық танымал әнші Әлішер Кәрімов кіріп отыр. Бұған дейін фестивальдің қазылар алқасының құрамында Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Ерлан Көкеев, Толқын Забирова, Батырхан Шөкенов, Қарлығаш Әбдікәрімова, Қарлығаш Әжиева болса, Димаш Құдайберген "Витебск-2021" эстрада әншілерінің халықаралық байқауының қазылар алқасының ең жас мүшесі болды.

Фестиваль жалауын Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік бірлестігінің әншісі, "Славян базары-2021" байқауының Гран-при иегері, "Дарын" жастар сыйлығының және "Шапағат" медалінің иегері Рухия Байдүкенова көтереді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын