Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Yessenov University студенті «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» жеңімпазы атанды

Yessenov University студенті «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» жеңімпазы атанды
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

2023 жылдың қазан айында Қазақстанның 25 жоғары оқу орнынан 100-ден астам студент қатысқан «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласындағы таланттар алмасу бойынша өңірлік конкурс өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

ICT Competition – Huawei ICT Academy бағдарламасының маңызды элементтерінің бірі, ол АКТ саласында таланттарды дамытуға және мамандар даярлауға арналған. Байқау бүкіл әлем бойынша бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және бүкіл әлемнің студенттері мен мамандары арасында білім, тәжірибе және идеялар алмасу алаңына айналды.

Huawei ICT Competition Huawei ICT Academy студенттеріне және бүкіл әлем бойынша ICT Academy-ге қосылғысы келетін жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.

Осы байқау аясында Huawei студенттерге салауатты бәсекелестік пен идеялармен алмасу платформасын ұсынуға тырысады, осылайша олардың АКТ білімі мен практикалық дағдыларын арттырады, сонымен қатар жаңа технологиялар мен платформалар арқылы инновация қабілетін арттырады.

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын Yessenov University студенті Өтебай Оралбай финалға өтті. АКТ жарысының ұлттық финалы 11 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өтті, оған өңірлік байқаулардың жеңімпаздары қатысты.

Yessenov University студенті Өтебай Оралбай ең жоғары балл жинап, барлық қатысушылар арасында «Huawei ICT Competition 2023-2024 Kazakhstan» Ұлттық финалының жеңімпазы атанды.

Оралбай 18-21 желтоқсанда Бахрейн қаласында өтетін Халықаралық байқауда Қазақстанның атынан қатысады.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты