Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мәжіліс депутаттары салалық министрлердің кандидатураларын келісті

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес комитеттердің отырыстары өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің отырысында Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының м.а. Әлихан Смаилов Қаржы министрі лауазымына Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаевтың кандидатурасын таныстырды. Мәжілістің  Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Бахыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың кандидатурасы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі, Әсет Арманұлы Иргалиевтың кандидатурасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі лауазымдарына тағайындау үшін ұсынылды.

Отырыс барысында депутаттар кандидаттарға бірқатар сұрақтар қойды.

Әсіресе, Әсет Иргалиевтың кандидатурасын кеңесу кезінде шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және өңірлердегі бюджетаралық қатынастардың тиімді жұмыс істеуі туралы мәселелер көтерілді.

Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша, Премьер-Министр орынбасарының м.а. Скляр Роман Васильевич Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына Бейбіт Бәкірұлы Атамқұловтың кандидатурасын, ал  Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына Бағдат Мусиннің кандидатурасын таныстырды.

Сонымен қатар, бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтіп, онда Премьер-Министрдің атынан Премьер-Министрдің орынбасарының м.а. Ералы Ұлықпанұлы Тоғжанов салалық министрліктердің басшыларын тағайындау үшін кандидатураларды ұсынды.

Онда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына - Серік Жамбылұлы Шапкеновтың кандидатурасы, Денсаулық сақтау министрі қызметіне - Цой Алексей Владимировичтың кандидатурасы, Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына – Аида Ғалымқызы Балаеваның кандидатурасы, Білім және ғылым министрі қызметіне – Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтың кандидатуралары ұсынылды.

Отырыс барысында депутаттар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына ұсынылған Серік Шапкеновке бірқатар сұрақтар қойды. Олар зейнетақы жүйесін дамыту, ең төменгі базалық әлеуметтік стандарттарды жетілдіру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар қажеттілігін болжау әдістемесі және т. б.

Осы күні Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтің кандидатурасын, Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындау үшін Ильин Юрий Викторовичтің және Энергетика министрі лауазымына тағайындау үшін Ноғаев Нұрлан Асқарұлының кандидатураларын келісті.  

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетіне Ауылшаруашылығы министрі лауазымына тағайындау үшін Сапархан Кесекбайұлы Омаровтың, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне Марат Бақытжанұлы Бекетаевтың кандидатуралары ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша аталған лауазымдарға тағайындау үшін кандидаттарды ұсыну мүмкіндігі туралы комитеттердің қорытындылары қабылданды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді