Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады

Астана ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Боран мен желдің күшеюіне байланысты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қаладан тыс жерлерге шықпауға және қырағы болуға үндейді. Ауа райының нашарлауына байланысты енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауды ұсынады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Астана қаласында 9 ақпанда боран, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыс, батыстан соғатын жел екпіні 8 ақпан кешке, түнде 15-20 м/с, 23-28 м/с, ал 9 ақпанда таңертең 30 м/с және одан да көп болады деп күтілуде. 8 ақпан сағат 18.00-дегі жағдай бойынша екпінді желге байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін Астана қаласынан барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабылды.Дауылды жел кезеңінде, ең алдымен, электр желілері мен жабдықтардың, тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, ішкі және сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтаудың, телефон байланысының жарамдылығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құралдарды дайындау қажет.

“Пәтердегі электр желісінің кернеуі жоғарылаған кезде, барлық тұрмыстық техниканы дереу розеткадан ажыратыңыз, сіз болмаған кезде кенеттен электр қуаты қосулы кезде өрт болмауы үшін розетканы босатыңыз. Сондай-ақ жеке көліктерді ағаштар мен ескі ғимараттардан алыстатып, үйдегі немесе пәтердегі барлық терезені мықтап жабу ұсынылады. Егер көшеде қатты жел соқса, қауіпсіз үй-жайларда жасырынуды ұсынамыз.Балаларды сыртқа шығармауға тырысыңыз және мүмкіндігінше өзіңіз де шықпаңыз. Егер мұндай қажеттілік туындаса, туыстарыңызға немесе көршілеріңізге қайда бара жатқаныңызды және қашан оралғаныңызды айтыңыз. Жалғыз шықпауға тырысыңыз.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұраймыз.Төтенше жағдай туындаған кезде "112" телефонына хабарласыңыз”, - делінген ТЖД хабарламасында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады